05 қыркүйек 2019 10:14

Үндістан телешоуында Нұрсұлтан Назарбаев туралы сұрақ қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kaun Banega Crorepati бағдарламасынан үзінді Kaun Banega Crorepati бағдарламасынан үзінді

Үндістанда Kaun Banega Crorepati ("Миллион кімге бұйырады?" бағдарламасына ұқсас) телешоуының қатысушысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы сұраққа жауап беріп, 20 мың доллар ұтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ер адамға Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы сұраққа жауап беру керек болған. Сұрақ былай қойылды: "2019 жылы қай елде елорданың атауы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ауыстырылды?". Жауаптары мынадай болды: Қырғызстан, Қазақстан, Косово және Кения.

Бағдарламаның қатысушысы қосымша көмекке жүгінді. Маманның жауабы дұрыс болып шығып, ер адам қомақты соманы ұтып алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети