Үндістанда жасөспірім 232 тісін жұлдырды

24 Шілде 2014, 15:06
0
Үндістанда жасөспірім 232 тісін жұлдырды - ©Тelegraph.co.uk
©Тelegraph.co.uk

Үндістанда дәрігерлер жасөспірімнің 232 тісін жұлды, - деп жазады Times of India. Бұл әлемдік рекорд деп саналуы мүмкін. Бұған дейін африкалық балалардың бір мезгілде тіс жууы жөнінен әлемдік рекорд жасалған еді.

Басылымның хабарлауынша, 17 жастағы Ашик Гавай тісі ауырып, жергілікті дәрігерлерге көрінген. Дәрігерлер пациентті қалалық ауруханаға жатқызып, "күрделі одонтома" деген диагноз қойды. Жасөспірімге операция жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл операция жеті сағатқа созылған. 

"Біз бәрі жылдам болады деп ойлаған едік, бірақ оның ауыз қуысын ашқан кезде, гауһартастарға ұқсас көп тісті көрдік", - дейді хирургтердің бірі. Басылымның мәліметінше, дантистердің осынша көп тіс жұлуы әлемдік рекорд ретінде тіркеуге әбден лайық.

Айта кетейік, одонтома - тісте болатын тығыз консистенциялы қатерсіз ісік. Ісік тіс ұлпаларынан тұруы мүмкін.

Бұған дейін тіске қатысты әлемдік рекордты 10-19 жас аралығындағы африкалық балалар орнатты. 300 бала бір мезгілде тіс тазалап шықты. Сонымен бірге, рекордтар кітабына Қытайдың бір азаматы енді. Ол тісімен 11 секунд бойы 22 орындықты көтеріп тұра алған.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай