20 қазан 2015 17:14

Ұшақта көршісін тістеп қайтыс болған жолаушы асқазанында есірткі алып бара жатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лиссабон-Дублин рейсінде көршісін тістеп алып, кейін қайтыс болған адамның асқазанынан 1 келіге жуық есірткі табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Лиссабон-Дублин рейсінде көршісін тістеп алып, кейін қайтыс болған адамның асқазанынан 1 келіге жуық есірткі табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, оқиға дүйсенбі күні Aer Lingus әуе компаниясының ұшағында болған еді. Бразилиялық 24 жастағы жолаушының ұшу кезінде ұстамасы ұстап, ол көршісін тістеп алады. Осыдан кейін экипаж командирі шұғыл қону керектігін хабарлайды. Ұшақ жерге қонғаннан кейін ер адам ес-түссіз қалады. Дәрігерлер осыдан кейін оның қайтыс болғанын мәлімдеді.

Irish Times басылымы португалдың асқазанынан 0,8 келі есірткінің табылғанын хабарлады. Есірткі 80 түйіншекке бөлініпті. Дәрігерлердің айтуынша, ұшу кезінде түйіршіктердің бірі жарылып кеткен.

Болжам бойынша, есірткінің құны 56 мың евро шамасында. Қазір есірткінің нақты қай түрге жататынын анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети