XXXL өлшеміндегі ұлыбританиялық балаларына үлгі болу үшін қалай арықтағанын айтып берді

11 Сәуір 2018, 09:26
0
XXXL өлшеміндегі ұлыбританиялық балаларына үлгі болу үшін қалай арықтағанын айтып берді -

Ұлыбритания тұрғыны XXXL өлшемінен S өлшеміне дейін қалай арықтағаны жайлы айтып берді. The Independent басылымының мәліметінше, ер адам осылайша ұлдарына жақсы үлгі болғысы келген.

Ұлыбританиядағы авиациялардың бірінде инженер болып жұмыс істейтін Марк Кэберри әйелімен ажырасқан соң салмағы шамамен 120 келі болған, XXXL өлшеміндегі киімдерді ғана киген. Ал балаларымен тек демалыс күндері кездесіп тұрған. Сол сәтте демалыс сайын балаларымен бірге тек зиянды тағамдарды жеген.

"Кезінде мені мазақтағандай балаларымды да біреулердің мазақтағанын қаламаймын. Сол себепті оларға үлгі болып, дұрыс тамақтанып, денсаулықты күту керектігін түсіндіргім келді", - дейді ер адам.

Басылымның мәліметінше,  Кэберри бастапқыда жаттығу залына сирек баратын, сондықтан аса нәтиже де болмаған. Бірақ екі жылдан кейін салмақ түсіре алмаған соң ер адам дұрыс тамақтану қажет деп түсінеді.

"Дұрыс тамақтана бастадым, тамақты таразыға салып, өлшеп тұрдым. Артық жеп қоймас үшін", - дейді Марк Кэберри.

Осылайша, ол 35 келі салмақ түсірген. Кэберридің айтуынша, ол осы сәтте өзін бақытты сезінген. Ер адам арықтау кезінде бастысы дұрыс тамақтану мен жаттығу режимін бақылау екеніне сенімді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай