Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

2014 жылдың ыңғайсыз сәттері

31 Желтоқсан 2014, 18:44
0
©News.rambler.ru
©News.rambler.ru

News.rambler.ru жылдың күлкі туғызған және елең еткізген оқиғаларын жариялады, оның ішінде Сочиде ашылмай қалған Олимпиада шығыршығы, Кембридж герцогинясы Кэтриннің король әулетіне тән емес жағдайдан қысылғаны және тағы да басқа ыңғайсыз сәттер бар.

Ақпанның 7-сі күні өткен Сочи Олимпиадасының ашылу рәсімінде Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев ұйықтап қалды.

Петр Порошенконың ұлықтау рәсімі басталарда құрметті қарауыл сарбазы қасынан президент өтіп бара жатқан кезде карабинін қолынан түсіріп алып, талып қалды. Бұдан кейін Ту күніне арналған діни рәсім кезінде Порошенконың ұлы шіркеуде басы айналып, құлап түсті. 

Қисынсыз пікірлерімен танымал болған АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки брифингке бір аяғына етік кимей келді.

Сочи Олимпиадасының ашылу рәсімінде эмблема сақиналарының бірі ашылмай қалды.

Нью-Йоркке БҰҰ Бас ассамблеясының отырысына ұшып келген АҚШ президенті Барак Обама оны қарсы алған теңіз жаяу әскеріне қолындағы бір стакан кофесін шекесіне тақаған күйі сәлем берді. АҚШ президентінің теңіз жаяу әскерлерімен сәлемдесуі түсірілген бейне Instagram-дағы Ақ үйдің ресми аккаунтында жарияланғаннан кейін президент мазаққа қалды. Әскери тәртіп бойынша, әскери сәлемдесу тек екі қол бос болғанда ғана жасалуы керек. Ал мұндай жағдайда Обама сәлемдесуден мүлдем бас тартуы керек.

 

Барак Обама сөз сөйлеуге ашық түсті костюммен келді. Бұл жайт әлеуметтік желілерде көп талқыланды, Обама 2012 жылы Vanity Fair-ға берген сұхбатында тек қана көк және қара түсті костюм киетінін айтқан еді. Президент өтірік айтқан болып шықты.

Ресей президенті Владимир Путин Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінде әдепсіздік істеді, ол ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің әйелінің иығына жылы орамал жапты. Бұл - іскерлік этикетті бұзу, кейін бұл оқиға Қытай цензорларын талай әуреге салды.

 

Жаңа Зеландияға барған Германия канцлері Ангела Меркельді маори халқының амандасу салты қатты ұялтты. Оған белдемше киген жартылай жалаңаш сарбаздармен мұрын түйістіруге тура келді.

Атақты баскетболшы Леброн Джеймс король хаттамасын бұзып, Кембридж герцогинясының иығына қолын қойып бірге суретке түсті. Миддлтон таңғалып күлді, ал оның күйеуі мұны көрмеген кейіп танытты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай