Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

71 жастағы қазақ қария CS: GO ойынының жұлдызына айналды

09 Қазан 2016, 18:29
0
© Life.ru
© Life.ru

71 жастағы қазақ қария Аман Алашбаев CS: GO ойынының жұлдызына айналды, - деп хабарлайды L!FE. Ер адам ойынды үйреніп алып, Аташка деген лақап ат таңдапты. Ол өзінің YouTube-арнасы арқылы танымал болды, мұнда зейнеткер стрим жүктеп, жаңадан ойнап жүргендерге ақыл-кеңес айтады. 

Ойынды ата екі ай бұрын үйреніпті, ол шахмат ойнаудан әбден мезі болып, немерелерінің не ойнап отырғанына назар аударыпты. 

"Әрине, бірден ойнап кете алмадым. Бірақ ақырындап үйреніп алдым. Мен енді үздік ойыншы емеспін, бірақ талаптанып жүрмін, орыстың "Генерал болуды армандаған сарбаз - сарбаз емес" деген сөзі бар ғой. Бұл ойынды өмірдегі эмоцияны бастан кешіремін. Қуаныш та бар, өкініш те бар. Тәжірибе жинасаң, реакцияң да, назарың да жақсы бола түседі. Ойнай бастағалы бері, немерем растап береді, мен дәрі дегенді ұмыттым", - дейді Аташка. 

Бастапқыда зейнеткерді бәрі "киктеп" тастаған екен - дауыс беру арқылы ойыннан шығарып тастайды. Алайда оның қарсыластары мен жанкүйерлері пайда болыпты. Аташка немерелерімен ойнап, шеберлігін шыңдайды екен.  

"Біз жас болған соң жақсырақ ойнаймыз. Бірақ Аташка үйреніп жүр. Бірнеше айдың ішінде жақсы нәтиже көрсетті. Содан кейін YouTube-арнасын ашып беруді жөн деп санадық. Біреу-міреуге қызық болатын шығар. Ол видеоны түсіреді, ал арнаға жазылушылар монтаж бен өңдеуді өздері ұсынады", - дейді немересі Давид Алашбаев. 

Ендігіде Аман Алашбаев CS: GO ойынынан турнирге қатысуды армандап жүр. Ол жеңуге тырыспайды екен, тек тәжірибелі ойыншылардың ойынын көргісі келеді. Сонымен қатар Аташка арнасына жазылған адамдармен кездесуді армандап жүр. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай