Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Telegram мессенджерінде қазақстандық жұлдыздар бейнеленген стикерлер пайда болды

17 Қараша 2015, 12:55
0

Telegram мессенджерінде қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздары бейнеленген стикерлер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отандық танымал тұлғалардың суреттері igraphic.kz дизайн-бюросының арт-директоры Владимир Лукашовтың және ресейлік танымал дизайнер Анастасия Ахметзянованың жетекшілігімен салынды. "Біз барлығы 10 қазақстандыққа арнап стикерлер шығардық, олардың арасында Илья Ильин, Баян Есентаева, Геннадий Головкин, Қайрат Нұртас, Сабина Алтынбекова, Әлішер Елікбаев және басқалар бар. Телеграммада оларды стандартты "смайлдарға" ауыстыруға болады", - деді дизайн-бюро директоры Бағлан Айдашов. Бұл жобаның басты мақсаты қазақстандықтардың танымалдығын шетелдік тұтынушылар арасында арттыра түсу.


Әлішер Елікбаев және Баян Есентаева


МС Сайлаубек және Геннадий Головкин


Сабина Алтынбекова және Фархад Әбдірайымов

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматылық дизайнерлер қазақстандық тарихи тұлғалардың мотивациялық суреттерін жасап шығарды. Ол кезде бес тұлғаның суреті салынды - Мұхтар Әуезовтің, Тоқтар Әубәкіровтің, Қаныш Сәтбаевтың, Бауыржан Момышұлының және Әбілхан Қастеевтің, олардың әрқайсысының астында қазақстандық жастарға арналған уәждемелі мәтіндер бар. Жоба шеңберінде Telegram-ға арналған стикерлер жасалды, ол жастар арасында кеңінен таралатын болады.


Илья Ильин және Әнуар Нұрпейісов


Сабина келін және Қайрат Нұртас


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай