Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

АҚШ сноубордшылары Алматы туралы бейнеролик түсірді

08 Тамыз 2014, 20:58
0
©snowboarding.transworld.net
©snowboarding.transworld.net
Бейнетүсірілімге алматылық Денис Олейник те қатысты. Сурет - ©Kathleen Leavingstone
Бейнетүсірілімге алматылық Денис Олейник те қатысты. Сурет - ©Kathleen Leavingstone
Бейнетүсірілім кезі ©Kathleen Leavingstone
Бейнетүсірілім кезі ©Kathleen Leavingstone
Бейнетүсірілім кезінде Озидің қолы сынды
Бейнетүсірілім кезінде Озидің қолы сынды

АҚШ  сноубордшылары Алматы көшелерінен қалай жүріп өткендері туралы ролик түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Rome SDS кәсіби тобы былтыр кезекті турнеге аттанған болатын. Оззи Хенинг (Ozzy Henning), Ян Болл (Ian Boll) және Лоран-Николас (LNP) сынды сноубордшылар өздеріне ешкім әңгімелеп көрмеген, таңсық жерлерде болуды жоспарлаған. Олардың мақсаты жаңа шыңдарды игеріп қана қоймай, қалада сноуборд теуіп, әртүрлі күрделі секірулер мен трюктер жасау болған.

"Біз адамдар күтпеген жерде сноуборд тебуді қаладық" дейді топтың бір мүшесі. Олармен бірнеше жер таңдауға алынған - Қазақстан, Алеут аралдары және Норвегия. Ролик түсіріліміне қатысқан алматылық ұйымдастырушы Денис Олейниктің айтуынша, сноубордшылар қалаға 2014 жылдың қаңтарының аяғында ат басын тіреп, бірнеше апта болған.

"Олар қайда барамыз деп бастарын қатырған, сол кезде біреуі Twitter-ге ме, әлде Facebook-ке ме "Ей, жарандар, қар қайда бар" деп жазады, сол кезде осы әлеуметтік желіні Қазақстаннан тұтынушы біреу оларға Алматыға келуді ұсынады. Олардың түрлі трюк жасау кезіндегі түсірілімі кезінде айналамызға көп адам жиналып қалды. Бәрі оларға таң қалып қарасты. Әрине, бұл басқаша деңгей" дейді сұхбат беруші.

Әзірге ғаламторда "Сноуборд тебуге орын іздеуде" ( Find snowboarding) деп аталатын фильмнің үзіндісі ғана пайда болған. Алайда үш минуттық бейнежазбадан сноубордшылар секіріп жүрген Алматының қарға бөккен көшелерін көруге болады. Қазақстандағы түсірілім кезінде Ози Хенинг қолын сындырып алыпты. Бейнефильмде оның Алматының бір ауруханасына көмекке жүгінгендігі де айтылады. Дегенмен кейіннен Озиді Шымбұлақта сноуборд теуіп жүргенін көргендер бар.

Фильмнің толық нұсқасы ғаламтор желісінде 2014 жылдың күзінде жарық көруі тиіс. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай