05 мамыр 2014 10:01

Ақтау тұрғындары "Тасаттық" берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті Талгат Ахметұлы түсірген.  "Лада" Суретті Талгат Ахметұлы түсірген. "Лада"

"Ақтау қаласы ықшамаудандырының бірінде тұрғындар Алладан жауын тілеп, құрбандық шалып "Тасаттық" берді" деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Лада" ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Ақтау қаласы ықшамаудандырының бірінде тұрғындар Алладан жауын тілеп, құрбандық шалып "Тасаттық" берді" деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Лада" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Құрбандық шалып, ас беру салтына 80-ге тарта отбасы қатысқан. "Тасаттық" - ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан қазақтың ежелгі салты. Қуаңшылық кезеңі ұзаққа созылғанда Алладан жауын тілеп, құрбандық шалып, ас береді. Биыл наурыз, сәуір айларында жаңбыр жаумағандақтан Ақтау тұрғындары қазақтың байырғы салтына жүгінген. "Тасаттық берудегі басты мақсат - Алладан жауын сұрап, қуаңшылық болдырмауын тілеу. Сондай-ақ, ел іргесі аман, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі жақсы болып, әр үйде ырыс мол болсын деген тілек" дейді қала тұрғыны Әбубәкір Оспанов.

Адамдар дастархан жайып, облыстық мешіттің найып имамымен қосыла оқылған құран аяттарына қол жайды. Сондай-ақ ақша жинап, сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне киім-кешек сатып алды. "Бүгін барлық көршілер жиналып, "Тасаттық" бердік. Бұл шара бұдан кейін бір-бірімізбен араласып, жақын танысуымызға септігін тигізері анық. Өткенде ғана 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесін тойладық. Ләйім, ел халқының бірлігі нығая түссін!" деп атап өтті қала тұрғыны Нарбай Досметов.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети