Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Әл-Фараби даңғылында түйеқұспен жүрген адам туралы видеоны қазақстандық банк ойлап тапқан болып шықты

02 Қыркүйек 2016, 11:46
0
Ролик кадры
Ролик кадры

Алматының әл-Фараби даңғылында түйеқұспен жүрген ер адам жайлы видео қазақстандық банктің ойлап тапқаны болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Отандық банктердің бірінің өкілдері атышулы роликтің жасағанын растады. 

Бұл атышулы роликтен кейін әлеуметтік желілерде кредит карталарының жарнама кампаниясы басталып кеткені хабарланып отыр. 

Банктегілердің айтуынша, олар көбіміздің қызықсыз өмір сүретінімізді айтқысы келіпті. "Қалалық тұрғындардың өмірінде таңғалдыратын оқиғалар аз болады, өміріміз тым қызықсыз. Армандаумен ғана шектелмеуді ұсынамыз. Батыл әрекетке барып, армандарға қол жеткізуді ұсынамыз, дәл қазір. Атышулы роликтің осындай көп таралуы армандардың орындалатынына, ессіз әрекеттер жасай алатынымызға сендірді", - делінген таралған хабарламада. 

Банктің мәліметінше, бір тәуліктің ішінде бұл видео 5 миллионнан аса көрілім жинап, ондаған мың рет бөлісіліпті. Жүздеген пікір жазылып, қызу талқыға салыныпты. Ролик шетелдік абыройлы БАҚ-тарда да жарияланыпты. Мәселен, TheSun (Ұлыбритания), DailyMail (Ұлыбритания), HeraldSun (Австралия), reddit.com, 9gag.com. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай