03 мамыр 2016 17:15

Алматыда бес баласы бар жалғыз басты ана өз бақытын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК кадры КТК кадры

Қазақстандықтар бес баласымен жоқшылықта өмір сүрген алматылық Марина Шибаеваға қол ұшын берді. Маринаның Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол оның оқиғасы ақпарат құралдарында жарияланған соң, оған құжаттарын қайта қалпына келтіруге, жәрдемақы рәсімдеуге, үй ішін қажетті жарық пен сумен қамтамасыз етуге көмектескенін айтты.


Қазақстандықтар бес баласымен жоқшылықта өмір сүрген алматылық Марина Шибаеваға қол ұшын берді. Маринаның Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол оның оқиғасы ақпарат құралдарында жарияланған соң, оған құжаттарын қайта қалпына келтіруге, жәрдемақы рәсімдеуге, үй ішін қажетті жарық пен сумен қамтамасыз етуге көмектескенін айтты.

Бірақ ең бастысы оған уакытша балалар үйінен балаларын қайтарып берді. "Мұның бәрін мейірімді адамдардың арқасында істедік. Жарық пен суды қосып берді, үй ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп алдық. Ол кезде балалар кәмелетке толмағандарға арналған уақытша балалар үйінде тұрды. Олар балалар үйінде болғанда, Марина құжаттарды дайындап жатты. Қазір балалар мектепке барып жүр. Оларды әрдайым бақылап отырамыз. Отбасыға ақшалай көмек көрсетіліп жатыр", - деді №44 гимназияның директоры Айгүл Қасымбекова.

Марина Шибаева өзінің және балаларының құжаттарын алып, қажетті төлемақыларды рәсімдей алды. Бес баланың ішіндегі кенжесі жақында бір жасқа толды. Ең үлкен қызы 12 жаста.

Сонымен қатар, әйелдің айтуынша, оның жеке өмірінде де өзгерістер болды. Таяуда Марина тұрмысқа шықты. Оның сүйіктісі әскери қызметкер. "Ол менің бес баламның бар екендігінен қорыққан жоқ. Оның өзінің де баласы бар екен. Қазір ол әскери қызметкер ретінде зейнетке шығып отыр. Көшуді жоспарлап отырмыз. Мүмкін тіпті Ресейге де кетіп қаламыз", - деді көпбалалы ана.

Еске салайық, осыған дейін отбасының 10 жылға жуық жоқшылықта өмір сүргендігі туралы хабарланған болатын. Әйелдің айтуынша, балалардың әкесі оларды тастап, ішімдікке салынып кеткен. Құжаттардың жоқтығынан көпбалалы ана не жұмысқа тұра алмай, не балаларын мектепке орналастыра алмаған. Марина Шибаеваның тапқан табысы тек азық-түлік алуға жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети