Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматыдағы сел көлік жуушылардың ақша табуына көмектесті

23 Шілде 2015, 19:19
0
© Владимир Прокопенко
© Владимир Прокопенко

Алматыда болған селден кейін Наурызбай ауданындағы көлік жуатын орындардың клиенттері екі еселенді. Бұл туралы Tenrinews.kz тілшісіне төтенше жағдай болған жерге жақын орналасқан үш станцияның қызметкерлері хабарлады. Еске сала кетейік, 23 шілдеге қараған түні Алматыда сел жүрді. Салдарынан жолдар, үйлер мен көліктер балшық болды.

Клиенттердің бірінің айтуына қарағанда, ол көлігін екі рет жудырған. Айтуынша, ол Таусамалы ықшамаудынында тұрады, ал бұл өңірдегі жолдар балшықтан көрінбейді. "Мен Наурызбай АІІБ-дан Шаляпин-Ясауи көшелері арқылы келдім. Жеткенімше көлігім осындай күйге түсті. Ертең де жудыру керек болады деп ойлаймын", - дейді Азамат Баймұратов. Оның айтуынша, полицейлер Алматыда болған селден кейін ластанған көліктерге түсініп қарайды.

Шаляпин көшесінде орналасқан көлік жуатын орын қызметкерінің айтуынша, сағат 15.00-ге дейін ол 30 көлікті жуып үлгерген. 22 шілдеде күні бойы барлығы 10 клиент болыпты. Ясауи көшесіндегі станцияда жұмыс істейтін әріптесінің мәлімдеуінше, оларға 24 көлік кірген, ал 22 шілдеде барлығы 31 көлік болыпты. Айта кетейік, бұл станция сағат 12.00-ге дейін жұмыс істейді. Тағы бір орталықта жұмыс істейтін қызметкердің айтуынша, таңертеңнен бері 20 көлік келген. Бірақ ол көліктерден балшықтарды жуып кетіру оңай болмапты. Ал Момышұлы көшесінде орналасқан төртінші станцияда клиент соншалық көп болмапты.

Елена есімді әкімшінің айтуынша, кәсіпкерлер өз қызметінің құнын көтермеген. "Клиент өте көп болды. Бірақ олар тек балшықты жудырды. Белгіленген баға - 900 теңге, бірақ оларға қызмет 400 теңгеден көрсетілді. Бағаны көтерген жоқпыз. Сел жүрсе, адамдардың оған қатысы қандай", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" кәсіпорны тауларда сел жүру қаупінің әлі сақталатынын хабарлады. "Биік таулы аймақтарда жылу қорының көптігіне, қарқынды қардың еруіне және күтілетін жауын-шашындарға байланысты, 24-27 шілде аралығында Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде жаңбыр мен еріген қардың тасқыны қалыптасуы мүмкін, тауларда сел қаупі сақталады", - делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, 23 шілдеге қараған түні Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай