Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Астанада әйелдер мейрамына арналған көрме ашылады

27 Ақпан 2014, 19:08
0
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында Астанада бір апта бойы мерекелік сыйлықтар көрме-жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«8 наурыз - Әйелдердің халықаралық күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама ұсынылады. «8 наурызға арналған сыйлықтар» - сүйікті жандарға, әйелдерге, қыздарға, аналарға, құрбыларға арналған жарқын көрме», - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Көрме-жәрмеңкеде сыйлық жиынтықтарының, кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдардың, косметика, парфюмерия, тоқыма өнімдері мен ойыншықтардың, денсаулыққа және үйге арналған тауарлардың мол таңдауы ұсынылады. Мерекелік көрме Конгресс-холл сарайында 1-8 наурыз аралығында күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Кіру тегін. Көрме-жәрмеңке барысында ұтыс ойыны өткізіліп, би, ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады

Айта кетейік, көктемнің алғашқы айындағы бұл мерекеде қазақстандықтар үш күн демалады: мейрамға байланысты 8-9-10 наурыз күндері демалыс болып жарияланды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай