14 қаңтар 2015 00:39

Аттас және құрдас адамдар туралы мәлімет алуға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©oskemen.info ©oskemen.info

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті өзінің ресми сайтында азаматтардың жеке бас мәліметтеріне қатысты қызықты деректер алуды ұсынады. "Бұл қызықты" деген бөлімнің "Мен сияқты неше адам бар?" тарауындағы тиісті жолақтарды толтырған кезде Қазақстанда өзіңізбен аттас қанша адамның бар екенін білуге болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті өзінің ресми сайтында азаматтардың жеке бас мәліметтеріне қатысты қызықты деректер алуды ұсынады. "Бұл қызықты" деген бөлімнің "Мен сияқты неше адам бар?" тарауындағы тиісті жолақтарды толтырған кезде Қазақстанда өзіңізбен аттас қанша адамның бар екенін білуге болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Сол сияқты бұл жерден Қазақстанда өзіңіздің қанша құрдасыңыздың бар екені және олардың жынысы мен ұлты туралы мәліметті де көруге болады. Статистика сайты құрдастар мен аттастар туралы мәліметтерді аймақтар бойынша, тіпті, аудандар бойынша да тауып береді. 

Тengrinews.kz тілшісі өзімен аттас әрі құрдас адамдар туралы мәліметтерді қарап шықты. Тілшінің туған өңірі - Ақтөбе облысында онымен құрдас Болатбек есімді 27 адам бар болып шықты, қазіргі мекенжайы - Алматы қаласы бойынша 8 адам, оның ішінде қаланың өзі тұратын ауданында екі аттас құрдасы анықталды. Қазақстан бойынша мұндай есімді 9162 адамның иеленгені белгілі болды. Тілшінің аттас әрі құрдастарының қатары (32 жас) республика бойынша - 235 адам.

Еске сала кетейік, жуырда Статистика комитеті 2014 жылы сәбилерге көп қойылған есімдерді жария еткен болатын. Өткен жылы Әлихан және Айзере ең танымал есімдер атанды. Әлихан есімі 2798 ұлға, Айзере есімі 6276 қыз балаға қойылған. Айзере соңғы екі жыл ішінде ең танымал есім атанып отыр. Ал Әлихан алдыңғы жылдары көшбасшы болған Ерасыл есімін ығыстырды. 

Тengrinews.kz тілшісі 2014 жылдың екі танымал есіміне қатысты цифрларды тексерді. Қазақстан бойынша барлығы 21 659 Әлихан бар болып шықты. Оның ішінде есімі орысша "Алихан" деп емес, ә әрпінен басталып жазылған 6347 адам бар. Кейде түрлі себеппен ер адам есімінің қыз балаға немесе керісінше қойылып жататын кезі болады. Бірақ, анықтау нәтижесінде көз жеткендей, елімізде Әлихан есімі тек қана ер азаматтарға қойылыпты. 

Айзере есімін республика бойынша 16 538 адам иеленген. Ұлты "қазақ" деп көрсетілген Айзерелердің қатары 1173 адам деген мәлімет бар. Бұл есім ұл балаларға қойылмаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети