Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Әзірбайжан "қызы" Литва жігіттерін есінен тандырып жүр

18 Тамыз 2014, 18:55
0
Рауль Мамедли. ©warnet.ws
Рауль Мамедли. ©warnet.ws

Әзірбайжандық 20 жастағы шаштараз Литва жігіттерінің басын айналдырып жүр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Warnet.ws порталына сілтеме жасап.

Facebook-тен Вильнюс түнгі клубтарының бірінде түсірілген фотосуреттерді көруге болады. Оларда әдемі қыз бейнеленген. Бұл суреттер Литвада қызу талқыланып жатыр.

Шындығында, фотосуреттер қыздікі емес, 20 жастағы жігіт - әзірбайжандық Рауль Мамедлидікі. Ол үш жылдан бері Литвада тұрады. Раульдің айтуынша, оның жігіт екенін көпшілік біле бермейді. "Бәлкім, сіздер бұл қыздың атын білетін боларсыздар? Кеше мен онымен уақытты жақсы өткіздім, бірақ ол өз есімін айтпады, байланыс нөмірлерін бермеді. Мен оны сүйіп алғым келді", - деп жазды фотоның астына литвалық жігіттердің бірі. Қолданушылардың бірі оған суреттегі қыз емес, жігіт екенін айтып, пікір қалдырды.

Мамедли фотосуреттердің Жаңа жыл кешінде түсірілгенін, ол кезде жігіттердің назарын өзіне аудара білгенін айтты. "Фотоның астына пікір қалдырған жігіттің кім екенін білмеймін. Сол кеште менімен суретке түскісі келгендер көп болды. Мені теледидардан да көрсетті. Жігіттердің бірі маған жақындап келіп, қыз болмағаныма өкінетінін айтты. Ал жігіт екенімді білмегендер телефон нөмірімді сұрап жатты", - дейді Рауль.

Рауль өзіне қыздардың да, жігіттердің де ұнайтынын айтты. "Мен бір қызбен дос болдым, бірақ одан гөрі нәзік едім. Бұл оған ұнамады. Сондықтан жараспадық", - дейді жігіт.

Рауль шаштараз-стилист болып жұмыс істейді.

"Мен өзіме жұрттың назарын аудару үшін қыз болып киінемін. Ол менің жұмысыма аса қажет. Жұмысты жақсы істесем де, көпшілік жұмысымды емес, өзімнің келбетімді мақтап жатады. Клиенттерім мереке алдында маған түрлі сыйлық әкеледі, мені жақсы көреді", - дейді Рауль. Әзірбайжандық келешекте жыныс ауыстыруы мүмкін екенін жоққа шығармады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай