23 желтоқсан 2018 13:34

Балабақша тәрбиешісінің биі түсірілген видео Қазнетте кеңінен тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балабақша концертінде беріле билеген тәрбиешінің видеосы Қазнетте кеңінен таралып жатыр. Желі қолданушыларының ойынша, бұл шәкірттеріне биді көрсетіп тұрған хореограф, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Балабақша концертінде беріле билеген тәрбиешінің видеосы Қазнетте кеңінен таралып жатыр. Желі қолданушыларының ойынша, бұл шәкірттеріне биді көрсетіп тұрған хореограф, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісінде бұл видео бірнеше сағаттың ішінде жүз мыңдай көрілім мен жүзден аса пікір жинады. Желі қолданушыларының айтуынша, билеген әйел өнер көрсеткен балалардың тәрбиешісі және оны шараға берілгендігімен мақтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Болеет за своих всей душой✊

Публикация от Казаxстан | НОВОСТИ ДНЯ 24/7 (@today_kz)

"Жарайсыз! Мұғалімдерді қадірлеу керек қой...", - деп жазды пікір қалдырғандардың бірі.

"Күлкілі де шығар, бірақ ол осындай жағдайда өзін емес, балаларды ойлап тұр", - деп пікір қалдырды желі қолданушысы.

"Өте керемет ұстаз, өз шəкіртіне адал ниетін көрсетіп жатыр", - деп өз пікірін білдірді желі тұтынушылары.

Интернет қолданушыларының жартысы видео авторын кінәлады.

"Біздің де балабақшада апайлар осылай билейді, бірақ ешқайсын да таспаға түсіріп, желіге салуды ойламайды", - деп наразылығын білдірді Instagram қолданушысы.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети