Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Эксперимент: Бөтен адам балаңызды қанша секундта алып кетуі мүмкін?

21 Сәуір 2016, 14:23
0
© Youtube/WSC
© Youtube/WSC

Wolves Clan жобасы балаларды ұрлау тақырыбында әлеуметтік эксперимент түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоба авторларының айтуынша, видео Астана қаласындағы балалар ойын алаңында түсірілген. Видеода ойын алаңында ойнап жүрген балаларды бөтен адамның оңай алып кете алатыны көрсетіледі. Қара түсті киім киген бойжеткен бір баланың анасымен келіскеннен кейін, балаға кәмпит беріп, алдап, көлігіне қарай алып кетеді. 

Сонымен қатар, пранкерлер 2015 жылдың жартысында-ақ 300-ге жуық баланың ұрланғанын ескертеді.

Жоба авторларының айтуынша, олар бұл іспен 2016 жылдың 2 наурызынан бастап айналысып келеді. Әзірше 6 видео түсірілген. "Жобаның миссиясы - қоғамға әлеуметтік проблемаларды жеткізу. Жоспарлар мен ой көп. Қазіргі уақытта біздің екі бағытымыз бар, біріншісі - қызық видеолар да, екіншісі - әлеуметтік проблемаларды қозғау", - деді Wolves Clan өкілі.

Еске салайық, осыған дейін WSC pranks пранкерлері Астана студенттеріне есірткі тасымалымен айналысып, пәтерден мәйіт алып шығу арқылы ақша табуды ұсынып көрген болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай