17 мамыр 2016 14:55

Гарри Поттердің жас жанкүйері Магия министрлігіне унитаз арқылы бармақшы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео скриншоты Видео скриншоты

Сиқыршылар туралы Гарри Поттер кітабы кейіпкерінің жас табынушысы қиялдағы магия министрлігіне бару үшін өзін унитазға ағызып жібермекші болды. Lenta.ru басылымының мәліметінше, видео America's Funniest Home Videos парақшасында жарияланды.

Кадрдан әйел адамның жуынатын бөлменің есігін ашқаны көрінеді. Ары қарай дөңгелек көзілдірік киген баланың қолына таяқ ұстап алып, унитаздың үстінде тұрғанын байқауға болады. Анасы одан: "Не істеп жатсың?", - деп сұрайды. Ал баласы болса оған: "Мен магия министрлігіне барайын деп жатырмын", - деп жауап береді.

Айта кетейік, ұлыбританиялық жазушы Джоан Роулингтің Гарри Поттер туралы кітабының желісі бойынша түсірілген фильмнен министрлік қызметкерлерінің жұмысқа қоғамдық әжетхана арқылы баратынын көруге болады. Министрліктің ғимаратына бару үшін унитазға аяқпен тұрып, өзіңді "ағызып жіберу" керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети