Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Голливуд қазақтың бүркітші қызы туралы ертегі түсіреді

12 Сәуір 2016, 13:35
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

20th Century Fox Animation компаниясы қазақтың Моңғолиядан шыққан қазақтың бүркітші қызы туралы деректі фильмнің ремейгінің құқығын алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. 13 жастағы қыз әлемдегі ең жас бүркітшіретінде танымал, - деп жазады Hollywoodreporter.com.


© Аisyridley

Қаңтар айында Sundance кинофестивалінде режиссер Отто Беллдің The Eagle Huntres ("Бүркітші") атты деректі картинасының көрсетілімі болған еді. Картинада ата-баба дәстүрін жалғастырып келе жатқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы жөнінде баяндалады. Айшолпанның әкесі Моңғолиядағы әйгілі бүркітші. Олардың арғы аталары да осы өнерді кәсіп қылған екен. Отбасыдағы төрт баланың ішінде Айшолпан ғана бүркітшілікке бет бұрыпты. Картинаның алғашы көрсетіліміне бүркітші қыздың өзі де қатысты. Ол АҚШ-қа Маңғолиядан ата-анасымен бірге барған.

Айта кетейік, бұл өнермен негізінен ер адамдар көп айналысады.


© Tengrinews.kz

Бұған дейін Sony компаниясы бұл фильмді Латын Америкасы, Жаңа Зеландия, Германия, Аустралия мен Азияда көрсету құқығын иеленген болатын. Дегенмен 20th Century Fox Animation картинаға ремейк түсіру керек деген шешімге келген. Келіссөздер аяқталуға таяу қалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай