31 қаңтар 2014 10:29

Гомосексуалистік әрекеті үшін үйден қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет leadership.ng сайтынан алынған Сурет leadership.ng сайтынан алынған

"Нигерияның Лафия қаласының тұрғыны өзінің Бык лақапты жеті жасар мысығын гомосексуализмге бейімділігі үшін терезеден лақтырып жіберді" деп хабарлайды Tengrinews.kz нигериялық Leadership басылымына сілтеме жасап. Атын атаудан бас тартқан әйелдің айтуына қарағанда, ол асырандысының жыныстық әрекетінде ауытқушылықтың пайда болғанын көптен байқап жүрген. Иесінің айтуынша, соңғы кезде Бык үнемі еркек мысықтармен жақындасып, ұрғашы мысықтарға еш көңіл бөлмей қойған. Журналистерге берген сұхбатында, мысық иесі асырандысының мінез-құлқы табиғат заңдарына жат болғаны үшін үйден қуып жібергенін айтады. Нигериялық әйел "Бык қанша үйде болғанмен, бірде-бір үйде оған ұқсас мысық туылмады" деп шағымданған. Көршілері де Быктың ұрғашы мысықпен жыныстық қатынасқа түскенін бірде-бір рет көрмегендерін айтады. Мысығын терезеден лақтырып жібергендігі туралы хабар ақпарат құралдарында жария болған соң, жергілікті тұрғындар нигериялық әйелдің үйіне келе бастаған. Дегенмен, қазірге ешкім үйден қуылған мысықты асырап алуға ықылас таныта қоймапты. Естеріңізге салсақ, дәл осындай жағдай 2013 жылы Американың Теннесси штатында орын алған болатын. Бірақ ол кезде әңгіме ит жайлы болған. Итінің гей екенін білген иесі оны приютке табыстаған. Иттің бақытына қарай, бейтаныс біреу оны асырап алып, өлімнен құтқарып қалған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети