Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Испанияда бұқа 29 жастағы тореадорды тікелей эфирде сүзіп өлтірді

10 Шілде 2016, 13:38
0
© EPA
© EPA

Испанияның Теруэль қаласында бұқа 29 жастағы кәсіпқой матадор Виктор Баррионы сүзіп өлтірді. Қайғылы оқиға сенбіде, 9 шілдеде жергілікті телеарналар тікелей эфирде көрсетіп отырған коррида кезінде болды, - деп хабарлайды El Mundo

Бұқа тореадордың кеудесін сүзіп алған. Ер адам ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. 

Виктор Баррио 1987 жылы Сеговияда дүниге келген. Ол тұңғыш рет 2012 жылы Мадридтегі Лас-Вентас аренасында өнер көрсеткен. Баррио корридаға қатысудың алдында гольф-клубта жұмыс істепті.


© EPA

Баррио 30 жылдан бері қаза тапқан тұңғыш тореадор. Испаниядағы корридадан 1985 жылы Хосе Куберо қаза тапқан болатын. Ал өткен ғасырдан бері мұндай ойындардан 134 адам қайтыс болыпты. Оның ішінде 33-і тореадор екен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай