Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қалыңдық үйлену тойы болатын күні 50 жылға қартайып кетті

07 Қараша 2014, 11:02
0
©News.163.com
©News.163.com

Қытайдың Шэньчжень қаласының тұрғындары ерекше үйлену тойының куәгері болды. Қалыңдық киіміндегі егде әйел мен күйеу жігіт көше ортасында ұрысып қалды. Кейін көшедегілер қалыңдықтың егде әйел емес, 20 жастағы қыз екенін білді. Ол грим мен жалған шаш қойып, 70 жастағы әйел образына енді, - деп хабарлайды Shanghaist.

Қалыңдық қартайған кезінде де күйеу жігіттің оған адал болатынын тексерейін деп әдейі әжеге айналыпты.  

Бірақ жігіт оның бұл ісіне бірден қарсы екенін айтып, сол арада макияжы мен жалған шашын алып тастауды талап етті. Бұл бұйрығына көнбеген қызға жігіт боқтық сөз айтып, жылатып, көше ортасына тастап кетіп қалды.

Жігітіне мұндай сынақты неліктен жасағанын сұраған журналистерге қалыңдық күйеу жігіттің "қызқұмар екенін және бұған дейін оның көп қызбен көңіл қосқанын" айтты. Ал сондай адамға неліктен тұрмыс құрып жатқанын сұрағанда ол "Оның қарым-қатынасы жақсы" болды деп жауап берген.

Бұл жұптың үйлену-үйленбеуі әзірше белгісіз қалып отыр. Бірақ кейбір БАҚ-тар мұның шынайы оқиға емес, жарнама үшін жасалған әрекет екенін жазып жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай