Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қарағандыда тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам тосыннан табылды

31 Мамыр 2016, 10:18
1

Осыдан 9 жыл бұрын жоғалып кеткен қарағандылық жігітті ата-анасы тауып алды, - деп жазады "Новый вестник" басылымы.

Мейіржан Қалиақпаров 2007 жылдың сәуірінде жоғалып кеткен. Сол уақытта 26 жаста болған ол Ақтау ауылындағы цемент зауытына қарасты күзет компаниясында жұмыс істейді. Алғашында ата-анасы баласын іздестіріп, "Бармысың, баурым?" және "Жди меня. Қазақстан" бағдарламаларына береді. Дегенмен полицейлер Мейіржан табылмағаннан кейін оны із-түссіз жоғалып кеткендер қатарына қосады.

Біраз жыл өткеннен кейін тосыннан жақсы жағдай болады. Мейіржанның сыныптастары мектеп кездерін еске алу үшін жиналуды ұйғарады. Достарының бірі Мейіржанның жоғалып кеткенін естіп, қатты таңғалған. Ол оны жақында ғана Теміртаудағы фирмалардың бірінен көргенін айтады.

Мейіржанның ата-анасы көрсетілген мекенжайға барып, балаларын тауып алды. Жас жігіт сол көктемде аяқ астынан есін жоғалқан екен. Ер адам өзінің туған анасын да таныған жоқ.

Мейіржан соңғы жылдарын қалай өткізгенін айтудан бас тартты. Анасы оған барлық жағдайды жасауға тырысып жатыр. Қазір ол ем алып жүр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай