17 қараша 2017 12:09

Қайрат Нұртастың әйелі әншімен қалай танысқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial © instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова әншімен қалай танысқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова әншімен қалай танысқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Жұлдыз Әбдукәрімованың айтуынша, олар 2007 жылдың жазынан кездесе бастаған.

"Жаз... Маусым айы...Махаббат, романтика, бақыттымыз, ойда ештеңе жоқ. Сол кезде 18-19 жаста едік, ештеңе ойламадық, қарым-қатынастың не екенін дұрыс түсінбей жүрдік, тек бір-бірімізді сүйіп, бірге болғымыз келді. Онымен бірге басқа қалаға кетіп, басқа өмірді бастап, бақытты болғымыз келді", - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

"Өзгелердің пікірін тыңдағымыз келмеді. Біз үшін бастысы - ата-аналарымыздың бізді қолдап, шешімімізді қабылдауы болды. Әкем бұл жайлы білмеген де еді (бірақ оны кейінірек көндірдік). Беташардан кейін шамамен екі күннен соң Қайрат анасымен бірге алғашқы гастрольге кетті. Үйде әкем, 10-12 жастағы екі ұл бала және мен қалдым. Отбасымның кенжесі болғандықтан, мен мүлде тамақ істей алмайтынмын, бірақ үйді жақсы жинайтынмын", - деп еске алды Қайрат Нұртастың әйелі.

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдукәрімова осы жазбаның жалғасын жазуға уәде берді.

Осыған дейін белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Абдукәрімова есімді келінінің барын растаған болатын. Ал таяуда Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова түскен бейнебаян жарыққа шыққан еді.


Жұлдыз Әбдукәрімова

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети