Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қазақстандық жұлдыздар бала кезінде қандай жаңажылдық костюм киді

30 Желтоқсан 2015, 10:12
0
Денис Тен
Денис Тен

Жаңа жыл қарсаңында қазақстандық жұлдыздар Tengrinews.kz тілшісіне мереке жайындағы балалық ойлары мен қандай мерекелік киімдерді кигенін айтып берді.

Актер әрі продюсер Нұртас Адамбаевтың бала кезінде балабақшада Аяз Атаның ролін тәрбиеші әйелдің сомдайтынына көңілі толмапты. "Бәріміз оны танып қоя беретін едік және сондықтан Аяз Атаның өмірде барына сенбейтінбіз. Олар ең болмағанда аула тазалаушы ағайды киіндіріп қойса да болар еді ғой деп ойлайтынмын. Енді Аяз Ата ер адам болуы керек қой", - дейді актер.


Нұртас Адамбаев.

Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердоңғаров жаңа жерлерді ашатын теңізші болғысы келіпті. "Мен әр кеште жуыну бөлмесінде су астында демалмай ұзақ тұрып, жаттығатынмын. Оған қоса әке-шешемнің киімін арқан жіп етіп байлап, өрмелейтінмін. Үйге су толтырып, темір ваннамен жүзуді армандайтынмын, ең болмағанда жуыну бөлмесінен асханаға дейін дәлізбен жүзіп барсам ғой дейтінмін. Сол арманыма жеттім де. 1981 жылы 00.00-де армандадым. Ал таңертең ұйқыдан оянсақ жоғарғы қабаттағы көршілеріміз су жіберіп қойып, үйімізді су алып кетті. Содан бастап ғажайыптарға сенетін болдым", - деді мәжілісмен.


Тәңірберген Бердоңғаров

Өзінің жаңажылдық костюмі жайлы актриса Бибігүл Ақтан да айтып берді. "Мен ата-анаммен бірге костюмдер бөлмесіне кіріп, ақ мысықтың образын таңдадым, онда белдемше мен құйрығы болатын. Сосын оны бөлек киіп алып, үй ішінде жүгіретінмін, пантера, жылқы және қасқыр болдым. Суретте мен Света әпкемнің мысығымен бірге тұрмын", - деді ол.


Бибігүл Ақтан мысықтың образында.  

Ал таяуда әлем чемпионы атанған қазақстандық ауыратлет Александр Зайчиковтың костюмі көп болыпты. "Бала кезімізде жаңажылдық костюм сатылмайтын. Қазір дүкендер мен базарларда көп қой. Мереке қарсаңында анам түні бойы костюм тігетін. Сондықтан анам жасаған киімдер көп еді. "Зорро", "Икс" мырза, ноян, қасқыр, Карабас Барабас, Гена қолтырауын, Етік киген мысық, атты әскер және тағы да басқа образдарға сәйкес киімдерім болды. Бір жылы топқа Карабас Барабас болып кіріп барғанымда анамның қара паригі болды, ұзық қара сақал, супержеліммен жабыстырылған мұрт және қалың қасым болды. Қызық болғанда балалар маған жақындауға жүрексінді, кейбіреулер тіпті жылап жіберді, бірақ мен көңілді болдым", - деді ол. 


Александр Зайчиков етік киген мысықтың образында.

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Жаңа жылда әрқашан ғажайып пен сиқырды күтетінін айтты. "Үш жаста болғанымда үйде мерекелік көңіл-күй тұнып тұрды, далада қар. Мен Аяз Атаны күтіп отырғанмын, сол уақытта есікті біреу қақты. Мен есікті ашып, нағыз Аяз Атаны көрдім. Ол дәл менің арманымдағыдай болатын. Бірақ Аяз Атаны шырамыта бастадым. Сөйтіп, сақалын тартып қалсам, ол әкем болып шықты. Сосын бәрін біліп алдым", - дейді Тен.


Денис Тен.


Әнші Лидо Қызыл Телпекті қыздың образында.


Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев.


"Қазақстан аруы-2015" Әлия Мергенбаева.


Актер Максим Акбаров.


Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова.


Шоумен Дәуіт Шайхисламов.


"Астана" ФК футболшысы Бауыржан Жолшиев. 

Қазақстандық ауыратлет Маргарита Елисееваның басынан өткен ең қызық Жаңа жыл бірінші сыныбында болыпты. "Мерекелік қойылымда мен қоянның ролінде ойнауым керек болды. Бірақ мен әрқашан ханшайым болғым келетін, бірақ костюм таба алмадық. Сол кезде біздің көршіміз келіп, маған киім тігіп берді. Сөйтіп, хан қызы болып келгенімде мені қоян образында шығады деп күткен тәрбиешілерім таңғалып қалды. Сосын педагогтар тәжімді шешіп, қоянның құйрығын жабыстырып қойды. Сөйтіп, бір жағынан ханшайым, бір жағынан қоян болдым да шықтым. Ал мектеп дирекоры мені марапаттап, кәмпит берді. Ал балалардың арасында сыйға ие болғаны ханзада болып киінген еді. Сондықтан мен мерекеде нағыз ханшайым болдым", - деді спортшы. Алайда өкінішке қарай, ауыратлет бала кезіндегі суретін көрсете алмады.


Маргарита Елисеева


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай