Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қазнетте қой болып маңыраған әскерилер туралы ролик жарияланды

28 Қаңтар 2015, 15:44
0
©Youtube желісіне орналастырылған видеоның кадры
©Youtube желісіне орналастырылған видеоның кадры

Интернетте әскери формасы бар адамдардың бұйрық бойынша қой кейпіне еніп, еңбектеп жүргені түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әскерилер дыбысзорайтқыш арқылы әмір беріп тұрған бір адамның айтқанын екі етпей орындайды.

Facebook желісіне бұл видеоны Гузелечка Бакиева есімді қолданушы "Это просто необъяснимо" деген атаумен жариялады. Шын мәнінде, әскери киімдегі адамдардың ісі біртүрлі көрінеді. Қырыққа таяу әскери еңбектеп қана жүрмейді, сонымен бірге, отар қойдың дауысын да салады. Бұл әрекет олардың командирінің бақылауында болады. Ол бірнеше рет "Дауыстарыңды шығарыңдар!" деп айқайлайды. Видеоролик 40 секундқа созылады. 

Видеоға қатысты жазылған пікірлерде Facebook қолданушылары мұның қазақ армиясында болатыны айтылған - олардың пікірінше, әскерде жүргендерге осындай іс жасататын көрінеді. "Мұнда дембельдер жастарға осылай жасатады. Шекарада болған жағдай шығар. Ата (дед) жастарды бір жаққа апара жатқанда бұл көрініс малшы мен малдың кетіп бара жатқанын еске түсіреді...", - деп жазды қолданушылардың бірі. Тағы бірі роликтің Қазақстанда түсірілгеніне сенімді екенін жазған: "Бұл біздің мақтаулы армиямыз, қыздар", - деп жазды ол. Материал дайындалып жатқан кезде роликті 4 мыңнан астам көрді, 65 қолданушы видеоны одан әрі таратты. 

Tengrinews.kz тілшісі бұл роликтің мән-жайын анықтау үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласты. Бірақ ведомство өкілдері, видероликті көргеннен кейін оның Қазақстан әскеріне ешқандай да қатысы жоқ екенін мәлімдеді. "Бұл видеороликтің кейіпкерлері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскерилері емес. Бұл туралы мына жағдаяттардан білуге болады: әскери киім мен айырым белгілері Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен әскери киім мен айырым белгілеріне сәйкес келмейді. Кейіпкерлердің сыртқы көрінісі ҚР Қорғаныс министрінің ҚР Қарулы кұштері үшін бекіткен Әскери киім кию мен айырым белгілерін тағу ережелеріне сәйкес келмейді. Видеороликтегі әскерилердің тәртібі ҚР Қарулы Күштерінің, ҚР өзге жасақтары мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғыларына қайшы", - делінген ведомствоның ресми түсініктемесінде.

Айта кетейік, Қазақстан әскері келісімшарт жүйесіне өтіп жатыр. Қазіргі уақытта келісімшартпен қызмет атқаратын әскерилердің саны ҚР Қарулы Күштерінің жалпы санының 74 пайызына жетті. Жыл сайын олардың саны төрт-бес мың адамға көбейіп отырады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай