Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қостанайлық шенеуніктер "ерекше сауатымен" таңғалдырды

11 Қаңтар 2016, 09:40
0
© qostanay.tv
© qostanay.tv

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері "сауатымен" таңғалдырды. Нақтырақ айтсақ, қақпаға ілінген билбордтағы мәліметті көріп, қала тұрғындары жағасын ұстады, - деп хабарлайды Qostanay.TV порталы.

"Не тыныс белгілері жоқ, не мәтінінде сауаттылық жоқ... Мәтінді ең болмағанда Word`-та тексеріп алу қиын болды ма?", - дейді билбордты суретке түсіріп, редакцияға жолдаған тұрғын.

"Шын мәнінде, "физический" сөзі тек дауысты "и" дыбысымен жазылады, ал "государственный" сөзінде "су" буыны екі рет жазылған. Оларға мемлекет солай болып көрінген шығар. Екі бөлек сөйлемнің арасындағы нүкте де ұмытылған. Соған қарағанда, мемлекеттік тілде де сондай қателіктер бар шығар", - деп жазады басылым.

Шын мәнінде, қазақ тіліндегі мәтінінде де қателіктер бар. "Салық төлемі, көлік құралының тіркелген жерінде төленеді" деген сөйлемде үтірдің не үшін қажет болғаны белгісіз. Бұл сөйлемнен кейінгі нүкте де жоқ. Ал "жеке тұлғар" деген сөз тіркесін "жеке тұлғалар" деп өзгерту керек.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай