15 қазан 2018 17:04

Құтырма жұқтырды делінген баланың видеосына қатысты дәрігерлер пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері аурухана палатасында жатқан баланың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері аурухана палатасында жатқан баланың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде ауруханада жатқан баланың видеосы таралған болатын. Желі қолданушылары бала құтырма ауруына шалдыққан деп болжады. Қазақстандықтар бұл видеоны әлі күнге дейін таратып жатыр.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер баланың расында да құтырма ауруын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілгенін, алайда ол диагноздың расталмағанын айтты.

"9 қазанда жедел жәрдем бригадасы Жетісай қалалық орталық ауруханасына кәмелетке толмаған баланы жеткізді. Науқасты балалар невропатологы, рабиолог, психиатр және реаниматолог қарап шықты. Оған симптомдық психоз, елесті синдром диагнозы қойылды. Бірақ кейінірек бұл диагноз расталмады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Айтуларынша, біраз уақыт ем алған соң баланың жағдайы жақсарған.

"Біраз уақыт ем алу керек болды. Алайда баланың ата-анасы стационардан бас тартып, баланың денсаулығына өздері жауапты болатыны жайлы қолхат жазып, баланы үйге алып кетті", - деді ведомстводағылар.

Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен баланың ата-анасы құқық қорғау органдарының өкілдерінен видео авторын тауып, оны таратқаны үшін жазалап, моральдық шығын өтеп беруін сұрады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети