Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Күзен Шымкент тұрғындарын қорқытты

18 Маусым 2014, 15:51
0
Құтқарушылар күзенді арнайы таяқтың көмегімен абайлап ұстап, банкаға орналастырды. ©Тengrinews.kz
Құтқарушылар күзенді арнайы таяқтың көмегімен абайлап ұстап, банкаға орналастырды. ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Шымкентте күзен жеке үй тұрғындарын қорқытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттегі "Тараз" ықшамауданының тұрғыны өз ауласынан беймәлім жануарды көреді. Хайуан өзіне ешкімді жақындатпаған. Ер адам құтқарушыларды көмекке шақырады. "Біздің жігіттер келіп, тұтас операцияны бастады", - дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин. Тұрғындарды үрейлендірген жануар кішентай күзен болып шықты.

Құтқарушылар күзенді арнайы таяқтың көмегімен абайлап ұстап, банкаға орналастырған. Зәресі қашқан жануарды хайуанаттар бағына апарған кезде мамандар оның күзен екенін растады. Тұрғындар мен құтқарушылардың айтуынша, жануар әуеліде әлдекімнің үйінде болып, кейін қашып кеткенге ұқсайды.

Еске салайық, бірнеше жыл бұрын Ресейдің Чита қаласында Мультик есімді күзен цирктен қашып кеткен болатын. Қойылым кезінде Кеша атты тотықұс пен Джеки атты макака да тайып тұрған. "Әртістердің" қашып кетуіне байланысты балалар лагерьлерінде жоспарланған цирк қойылымдары кейінге қалдырылды. Жануарлардың қашып кетуіне қолайсыз ауа райының салдарынан туындайтын күйзелістің себеп болуы мүмкін екені хабарланды.

Джеки бір тәуліктен соң табылды. Ал Мультик пен Кеша таптырмай қойған.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай