Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қызылордада қыздарға порнокастинг жарияланды

23 Қазан 2014, 16:13
0
"Вконтакте" желісіндегі хабарландыру
"Вконтакте" желісіндегі хабарландыру

Қызылордада қыздарға арналған порнокастинг жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Вконтакте" желісіндегі пабликтердің бірінде отандық порнофильм түсіріліміне актрисалар іріктелетіні туралы хабарлама пайда болды.

Хабарландыруға қарағанда, оған 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздар іріктеледі. Кастингті ұйымдастырушыларға әлеуметтік желідегі парақша немесе WhatsApp мессенджері арқылы хабарласуға болады. Хабарландырудың астына ашу-ызаға толы пікірлер жазылған. Наразы қолданушылардың ортақ пікірі "Порноиндустрияның Қазақстан қыздарына қатысы болмауы керек" дегенге саяды.

Tengrinews.kz журналисіне порнокастинг ұйымдастырушыларына хабарласудың сәті түсті. "Қыздарға қандай талап қойылады?" деген сауалға "Олар төсекте өзін жақсы көрсете білуі керек, тәні сұлу болуы қажет" деген жауап келді. Үміткерлерге тағы бір ерекше шарт қойылады - қыздар өздерінің ләззаттан ыңқылдаған дауысының аудиожазбасын жолдауы тиіс. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кастинг тек қана Қызылордада өтеді, бірақ басқа аймақтан келіп қатысушыларға қарсылық жоқ. Олардың мәліметінше, бір эпизодқа түскен қызға 90 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі. 

Бұл хабарландыру қызылордалықтардың интимдік өмірі туралы хикаялар мен фотосуреттер топтастырылған пабликте жарияланып отыр. Порнокастингтің жалған не рас екенін анықтау әзірше мүмкін болған жоқ, дегенмен ұйымдастырушылар ересектерге арналған қазақстандық фильм түсіру туралы ойларының әсте әзіл емес екенін жеткізді.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай