Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Мәншүк Мәметованың самаурыны Павлодарға әкелінді

14 Мамыр 2014, 21:01
0
Мәншүк Маметованың самаурыны. ©Тengrinews.kz
Мәншүк Маметованың самаурыны. ©Тengrinews.kz
Самаурын мен қазақ атқыштар бригадасына тиесілі баян мұражайға тапсырылды. ©Тengrinews.kz
Самаурын мен қазақ атқыштар бригадасына тиесілі баян мұражайға тапсырылды. ©Тengrinews.kz

Ресейлік тарихшылар КСРО Батыры Маншүк Мәметова шай құйған самаурынды павлодарлықтарға берді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай құнды жәдігерді Павлодарға "Майдан жолы" іздестіру отряды әкелді. "Ресейлік тарихшылар берген бұл самаурын - біз үшін ең құнды экспонат. Соғыс жылдарында ол самаурын қазақтардан құралған жүздік атқыштар бригадасына тиесілі болған. Мәншүк Мәметованың жауынгерлерге дәл осы самаурыннан шай құйып беріп отырғаны туралы да дерек бар", - деді баспасөз мәслихатында "Майдан жолы" отрядын құрған Жұмабек Қамзин.

Оның сөзіне қарағанда, самаурын ресейлік Невель қаласы тұрғындарының павлодарлық іздестіру тобына жасаған сыйы. Өз кезегінде топ мүшелері әлгі самаурынды облыстық өлкетану мұражайына тапсырған. Мұражайға сондай-ақ, қазақ атқыштар бригадасына тиесілі баян да тапсырылды. 

"Біз Невельде үш апта кеңес жауынгерлерін қайта жерлеуді қалыпқа келтіру жұмыстарына қатыстық. Таң атқаннан күн батқанша еңбек еттік, үзіліс тым аз болды. Тек қолымыз босаған уақыттарда ғана осы самаурыннан біз де шай іштік", - деді отряд мүшесі Рафаель Мұхамеджанов. Енді бұл экспонаттар басқа да жәдігерлермен бірге аймақтық өлкетану мұражайындағы экспонттар қатарын толтыратын болады.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай