Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мектептер ата-аналардан Президент Жолдауына қолдау білдіруді сұрайды

20 Қараша 2014, 18:22
0
©Facebook.com
©Facebook.com

Қазнетте қазақстандық мектептердің бірінде ілінді делінген хабарламаның суреті пайда болды. Оның мәтінінде 21 қарашаға дейін Президент Жолдауымен танысып шығып, үндеу жазылуы қажет екендігі, сонымен қатар оны мұғалімге өткізу керектігі жайлы жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл фотоны біріншілердің қатарында болып блогер Александр Цой жүктеп қойды, оған жазылған пікірлердің бірінде Oleg Lvov есімді қолданушы суреттің авторы өзі екенін және оның Алматыдағы №10 мектебінде ілінгенін айтты. Кейін Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап беріп жатып ол хабарламаны телефонға түсіріп алғанын айтты, оның сөзінше, хабарлама сынып жанындағы дәлізде - ақпараттық тақтаға ілінген. Ол өзінің мектеп оқуышысының әкеі екенін айтты. 

"Үндеуді өткізу мерзімінің қатаң екеніне таңғалдым. Қазақстан Президентінің Жолдауын оқып, оны елдегі өмір сүрудің шын мәніндегі жағдайын жақсартумен салыстыру үшін маған уақыт керек. Бұл мұғалімнің бастамасы емес шығар, бұл жоғарыдан келген. Өзім оны кеше көрдім, қалыпты жағдай деп қабылдадым. Басқа ата-аналар қалай қабылдады? Әзірше сұрамадым. Білім беру бөлімі жоғары жаққа есеп беруде шектен асып кеткендей боп көрінді", - деді ол.

Бірақ мектеп өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне мұндай хабарламаны ілмегендерін айтты. Білім беру мекемесінің өкілдері 21 қарашада мұнда ата-аналардың жалпы мектеп жиналысы болатынын, онда мұғалімдер ата-аналармен бірге Президент Жолдауын талқылайтынын, бірақ үндеудің қажет екені туралы хабарлама ілмеген жеткізді. Редакция, сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінен пікір білдіруін сұрады, қазіргі уақытта министрлік өкілдері жауап беріп жатыр.     

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 11 қарашада "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында халыққа Жолдау арнаған еді. Ол "Нұрлы жол" атты жаңа экономикалық саясатты жариялады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай