Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Назарбаевты туған күнімен құттықтау әлі жалғасып жатыр

07 Шілде 2015, 11:22
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтау әлі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 6 шілдеде Назарбаев 75 жасқа толды.

Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты Германия канцлері Ангела Меркельден құттықтау жеделхаты келіп түсті. Меркель өз құттықтауында Қазақстан мен Германияны түрлі саладағы тығыз серіктестік біріктіретініне тоқталған.

"Халықаралық қоғамдастық үшін өзекті болып отырған сын-қатерлер жағдайында Қазақстан аса сындарлы рөл атқаруда. Елдеріміз арасындағы өзара сенімді және серіктестік қарым-қатынастарды арттыра түсу, сондай-ақ  Қазақстанда демократияны, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қағидаттарын дамыту ісінде Сіз алдағы уақытта да Федералды үкіметтің қолдауына сенім арта аласыз", - делінген жеделхатта. Германия канцлері Нұрсұлтан Назарбаевқа бақ-береке, мықты денсаулық және табыс тіледі.

Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, сондай-ақ  Астананың 17 жылдығына байланысты Қазақстан халқына ең ізгі тілектерін жолдады. 

Сонымен қатар, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбаннан құттықтау келіп түсті. Орбан Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлігі арқасында Қазақстан мойындалуға лайықты даму жолынан өткенін айтты.  

"Астанадағы таяуда өткен кездесуіміз дәлелдеп бергендей, соңғы жылдары біздің ынтымақтастығымыз барған сайын қарқын алып, стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткені қуантады. Достық пен бауырластық біздің өзара табысты ықпалдастығымыздың кепілі болып келеді", - делінген жеделхатта.

Венгрия премьер-министрі Қазақстанда бастау алған стратегиялық даму бағдарламаларының жүзеге асырылуы үлгі алуға тұрарлық екеніне назар аударған.

"Сіздердің алдарыңызда өзге де ауқымды міндеттер тұр, соның қатарында Венгрия тиісті деңгейде атсалысатын "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу мақсаты көзделген", - деді Орбан.

Мемлекет басшысын мерейтойымен Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обама құттықтады.

Ал Назарбаевтың өзі мерейтойлар мен мерекелерге деген қарым-қатынасы жайлы айтып берді. "Қала күні де адамның туған күні сияқты - ол тек мерекелеуге себеп қана емес, есеп беріп, қорытынды жасаудың да бір мүмкіндігі. Мен үшін мерейтой жеке басымның мерекесі болған кезең әлдеқашан артта қалды. Менің бүкіл жұмысым мен бар өмірім елмен етене байланысты. Мен үшін Қазақстанның, оның елордасының және әрбір өңірінің жаңа табысынан артық құттықтау жоқ және болмақ емес", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай