Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Өскемендік "Хатико" өз иесін күтіп жүр

26 Қаңтар 2016, 12:59
0
© yk-news.kz
© yk-news.kz

Жануарларды қорғаушылар Өскеменде "Телестудия" аялдамасында иесін күтіп отырған иттің өмірін аман алып қалды. Ит жарты күн бойы иесін күтіп, тапжылмай отырған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Оқиға 18 қаңтарда таңғы уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, итті ілестірген екі адам автобусқа мінген, алайда келесі аялдамаға келгенде автобус кондукторы итті салоннан түсіріп тастауды талап етеді. 

"Жігіттер итпен бірге шығып, оған "күт" деген бұйрық беріп, кетіп қалған. Сосын ит оларды жарты күн бойы күтіп отырған. Бірақ иелері сол беттен қайтып оралмапты. Бізге адамдар хабарласып, "Телестудия" аялдамасында бір иттің барын айтты. Далада аяз болған. Сондықтан мен еріктілерге хабарласып, итті алып кетуін сұрадым", - дейді "Дворянин" жануарлардың құқығын қорғау қоғамының төрағасы Лариса Прокопьева. 

Сөйтсе, ит екі табанын да суықтатып алыпты. "Қазіргі уақытта ол мал дәрігерінің қарауында. Бұл овчарка барлық бұйрықты біледі, тыңдайды, айтқаныңды істейді. Үй жануары екені көрініп тұр. Әзірше иелерінің оны тастап кеткені немесе өздері бір оқиғаға тап болғаны жайлы мәлімет жоқ", - деді жануарлардың құқығын қорғау қоғамының төрағасы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай