Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Павлодар тұрғыны туу туралы куәлікті 19 жыл күткен

08 Қазан 2015, 09:42
0
© adilet.gov.kz
© adilet.gov.kz

Павлодар тұрғыны туу туралы куәлікті 19 жыл күткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құжатқа қол жеткізу үшін оның анасы сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Жігіт 1996 жылы 16 ақпанда Павлодардың перзентханасында туылған. Туу туралы куәлігі жоқ бала орта мектепті бітіріп, қазіргі кезде колледжде білім алып жатыр. Алайда кәмелеттік жасқа толған соң жеке тұлғаны растайтын құжатты алудың қажеттігі туындаған. Туу туралы медициналық анықтаманың жоғалуы және мұрағаттың жоюлуына байланысты оның көшірмесін алу мүмкін болмапты.

"Ш. деген азаматша (жігіттің анасы - Авт.) АХАЖ органына жүгінген, оған баланың туу туралы медициналық анықтамасы болмағандықтан, ұл баласының туғаны туралы куәлікті беруден бас тартылған. Талапкер өзінің талаптарын негіздейтін құжаттарды ұсынып, куәгерлердің жауабымен дәлелдеді", - делінген хабарламада. Сот баланың туғаны туралы деректі анықтады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай