Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Павлодарда белгісіз жігіттің үйсіз ер адамды соққыға жыққаны видеоға түсірілді

29 Наурыз 2016, 14:57
1
© Youtube
© Youtube

Павлодарда белгісіз жігіттің үйсіз ер адамды соққыға жыққаны видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Павлодардағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Үйсіз адамның соққыға жығылған сәті 28 наурыз күні сағат 21.30-да бейнебақылау камерасына жазылып қалады.

Кадрдан үйдің маңында отырған ер адамға белгісіз жігіттің жылдам жүріп келіп, үш рет соққы жасағанын көруге болады. Ер адам соққылардан кейін шалқасынан құлады.

Оқиға туралы Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында Алексей Кот есімді қолданушы айтып, видеоны жариялады.

"Адамға жәйдан-жәй келіп, ұрып кетті. Үйсіз болса да оны осы аулада тұратындар сыйлап, тамақ апарып беріп тұрады", - деп жазды павлодарлық азамат.

Оның айтуынша, осыдан кейін ер адамды полицейлер әкеткен. Дегенмен ол өзін ұрғандардың үстінен шағым түсіруден бас тартыпты.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай