Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Полицейлердің мотоциклшілерді ұстау сәті видеоға түсірілді

04 Қазан 2016, 14:52
1
Бейнеролик кадры
Бейнеролик кадры

Tengrinews.kz редакциясына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мотоциклшілерді ұстау сәті түсірілген видео жолданды. 

Ролик авторының ақпаратынша, оқиға Қызылорда қаласында болған. Автокөліктің бейнетіркеуішіне түсірілген таспада екі мотоциклші жол қиылысында өзара әңгімелесіп тұрғаны көрінеді. Кенет полиция көлігі келіп тоқтайды да, мотоциклшілер орнынан кетуге асығады. Алайда көлік мотоциклшілердің бірін жанап өтіп, жас жігіт жерге құлайды. Полицейлер көліктен түсе сала жігітті ұстамақ болғанмен, ол қашып үлгереді. Екінші мотоциклші полиция көлігін айналып өтіп, жүріп кетеді. Дегенмен, кадрлардан оның артынан полицияның "Уазигі" қуа жөнелгені байқалады. 

Болған жайттың себептері белгісіз. Бейнежазба жергілікті ІІД-ге жолданды. Құқық қорғау органдары жақын арада болған жайтқа пікір білдіруге уәде берді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай