Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Талғарда тұратын бойжеткен Instagram жұлдызына айналды

23 Мамыр 2016, 09:35
0
© Instagram.com/nagimuwaa
© Instagram.com/nagimuwaa

Талғардың 21 жастағы тұрғыны Нағима Ахметова аз ғана уақыттың ішінде Instagram парақшасында 100 мыңнан аса жазылушы жинады. Нағиманың түсірген қысқа роликтері (вайндар) жүздеген мың көрілім жинап жатыр.

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Нағима Өскеменде өмірге келіп, сол жерде мектеп бітіргенін айтты. Талғарға ол алматылық университеттердің біріне түскеннен кейін келген.

"Мен 21 жастамын. Мамандығым - ағылшын тілінің мұғалімі. Отбасымыз үлкен емес, ата-анам және үш әпкем бар. Мен фортепиано сыныбы бойынша музыка мектебін бітірдім", - деді ол.

Ол Instagram парақшасына видеоларды ойламаған жерден сала бастағанын айтты. "Барлығы 2016 жылдың 8 ақпанынан басталды. Осы күні менің үлкен әпкем маған ерекше макияж жасады. Осылай біз қалжыңдап жүрдік. Кейін мен Айка есімді кейіпкер қыз туралы видео түсіруді шештім. Сол роликтен кейін мен танымал бола бастадым. Видео түрлі паблик пен парақшаларда кеңінен тарай бастады. Содан кейін әлеуметтік желі қолданушылары менің парақшама жазыла бастады", - дейді Нағима.

"Кейін оның екінші бөлімін түсірдім. Осылай жалғаса берді. Айкадан кейін басқа да кейіпкерлер болды. Танымал болуды мақсат еткен жоқпын. Жәй ғана осылай болды. Бастысы бұл адамдарға, өзіме де ұнайды", - деп сөзін жалғады ол.

Қыздың айтуынша, сюжеттің барлығын ол өзі ойлап табады. "Ойыма идея келсе, дереу түсіре бастаймын. Маған ешкім көмектеспейді, барлығын өзім дайындаймын. Көңіл-күйіме байланысты", - деді ол.

Нағима жарнамадан әзірше табыс таба қоймапты. Дегенмен ол теледидардан көрсетілетін түрлі жобаға шақыру ала бастаған. "Жеке тұлға ретінде даму мен үшін қызық", - деді ол.

Сонымен қатар, Нағима тұрмыста емес екенін айтты. "Сүйіктім бар, жарты жылдан бері кездесіп жүрміз. Оны алты жылдан бері танимын", - деді ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай