13 мамыр 2015 18:29

ҰБТ-2015: Оқушыларға "ғажап қалам" мен жасырын қалталары бар белдемшелер сатыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zhanaoi.kz © zhanaoi.kz

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу қарсаңында мектеп түлегіне тестілеуден қажетті балды жинауға көмектесетін түрлі техникалық құрылғы сатушылар Интернетте көбейді.  Tengrinews.kz тілшілері сол ұсыныстарды қарап шығуды ұйғарды.


Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу қарсаңында мектеп түлегіне тестілеуден қажетті балды жинауға көмектесетін түрлі техникалық құрылғы сатушылар Интернетте көбейді.  Tengrinews.kz тілшілері сол ұсыныстарды қарап шығуды ұйғарды.

Instagram-да да, "ВКонтакте" желісінде де микроқұлаққапты жарнамалайтын парақша бар. Мысалы, micron_kz атты қолданушы ҰБТ мен емтихан тапсыруға арналған микроқұлаққаптар мен гаджеттер сататын компанияны таныстырады. Құрылғылар бағасы 4990 теңгеден басталады.

"Ілмекті киімнің астарына тағып, телефонға қосасыз, көлемі 2 миллиметрлі динамикалар құлақтың ішінде болады (барлық жүйе көзге көрінбейді)", - деп түсіндіреді құрылғының жұмысын компаниядағылар. Сондай-ақ, құлаққаптың орналасу сызбасын да жариялады.

Қолданушыларды мына сұрақ қызықтырады: "Оны қайтадан қалай шығарады?". Сатушылар былай деп жұбатады: "Оны алып шығатын арнайы магнит бар".

Бұл құрылғыны сатушылар Қазақстанның кез келген жеріне жіберуге дайын, тіпті көтермелеп алуға болады. "ВКонтакте" желісіндегі бұл парақшада құлаққаптар ҰБТ тапсыру үшін ғана емес барлық емтихан үшін пайдалануға болады деп жарнамаланып жатыр.

"Сымсыз құлаққаптар кез келген студент үшін таптырмас құрылғы, емтиханға дайындалатын уақыт әркез табыла бермейді, ол уақытты қызықтырақ дүниелерге арнаған жақсы", - дейді сатушылар құлаққап бағасының 4 мыңға дейін төмендегінін хабарлап.

"Оны сырттағылар көрмейді, микроқұлаққаптарды ешкім байқай алмайды. Оны емтиханда пайдалану үшін қозғалудың қажеті жоқ, сондықтан студент мұғалімнің назарына ілікпейді. Микроқұлаққаптар классикалық шпаргалкаларымен тиімдірек: оның көмегімен кез келген сұраққа жауап беруге болады, тіпті алдын ала дайындалған сұрақтарға да. Микроқұлаққаптар тек студенттік өмірді ғана жеңілдетпейді, ол талапкерді студентке айналдыра алады", - деп жазады сатушылар. Мұның да сызбасы берілген.

Тіпті бұл микроқұлаққаптарға "Микроқұлаққап - Сен менің батырымсың" деген ән арналыпты.

"ВКонтакте" желісінде белсенді жарнамаланып жатқан тағы бір құрылғы - шпаргалка-сағат, ол керек кезде қарапайым қол сағат бола қалады.

Бұл құрылғыға қатысты видеонұсқаулық та бар. "Дабыл түймесі бір басқаннан қосылады және барлық құпия атқарым блогқа түседі. Шпаргалка-сағат қарапайым қол сағатқа айнала алады және оны тек Сіз ғана блоктан шығара аласыз", - делінген жарнамада.

Келесі тауарды техникалық құрылғы деп атау қиын, оны арнайы киім деп атаған дұрысырақ болады. Ол "ҰБТ-ға арналған құпиялы белдемше" деп аталады.

Белдемшенің суреті жоқ. Бірақ ұсыныстың өзі біраз нәрсені еске салды. Ұсыныстың астына кейбір қолдаушылар шпаргалкаларды қалай алып кіргендерін естеріне түсіріп, жазба қалдырыпты. "Мен кеудешемнің ішіне (2 телефон мен шпоргалкалар) тықтым, ақыры телефондардың қажеті болмады", - деп жазды бір қыз.

Бір қолданушы "жауап парағын жылдам толтыруға көмектесетін арнайы штамп-қаламын" сатып алуды ұсынды. Оның айтуынша, қаламның артықшылығы - ол ҰБТ-ның 125 жауабын 5 минутта толтыра алады. "Штамп-қаламның көмегімен жауап парақшасын толтыруға кететін уақытты үнемдеуге болады, сол уақыттың ішінде тест тапсырмаларын орындап, одан да жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік болады", - деп жазады сатушылар. Мұндай қаламды 350 теңгеге сатып алуға болады.

Сонымен қатар, PlayMarket арқылы ҰБТ Сканер  қосымшасын жүктеу ұсынылды, бұл ұсынысты таратушылардың айтуынша, ол қосымша желісіз жұмыс істейді. "Жүктегеннен кейін "Сканер" түймесін басыңыз және сұрақтарды суретке түсіріңіз (бірден 3-4 сұрақты түсіруге болады) және "Ок" түймесін басыңыз. 2-3 секунд күтсеңіз, экранда сұрақтың жауабы шығады. Мәтінді теруге де болады, ол өзі жауабын береді", - деп жазады қолданушылар.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерден мынадай мәтіндерді де кездестіруге болады: "Астанада ҰБТ-ға көмек көрсету. Қазірден бастап ойланыңдар!". Мынадайлары да бар: "Құрметті түлектер! Қазақстан тарихы 11 мамырдан бастап 3000 теңге тұрады. Кез келген тесттің қорытындысы - 24-25 балл. Қазақстан бойынша ең тиімді шпаргалкалар. Сұраныстың көптігіне байланысты баға қымбаттайды!".

ҰБТ-ға арналған тақырыптық топтарда "страшилки" - металл іздейтіндер, "глушилки" - байланысты сөндіретіндер деген тақырыптар жиі қозғалады. Біреулер оқушыларға шпаргалка қолданбай өз білімдерімен жауап беруге шақырады. Бірақ бұл жердегілер ондайларды жақтырмайды. "Мен бәрібір 100 шпаргалка жасаймын)))) менің белдемшемнің астына ешкім кірмейді", - деп жазады бір қыз.

Бірақ дәстүр бойынша мұндай топтарда тақырыптық әзіл өте көп.

Суреттің астындағы жазба: "Қытайдағы тіл үйрену курстарына грант".

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2015 жылы 2-15 маусым аралығында өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети