10 наурыз 2016 09:31

Вьетнамда әкелері әртүрлі егіз бала дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sitv.ru © Sitv.ru

Вьетнамда туылған егіздердің әкелері бөлек болып шықты, - деп хабарлайды BBC News жергілікті генетикалық ассоциацияға сілтеме жасап. Ғалымдардың айтуынша, бұл өте сирек кездесетін суперфекундациялық жағдай.

Егіздердің бір-біріне мүлде ұқсамайтынын білген туыстары ДНҚ сараптамасын жасатуды талап еткен. Вьетнамдағы генетикалық ассоциацияның президенті, профессор Ле Динь Луонг сараптама нәтижесінің 100 пайыз дұрыс екенін айтып отыр. Сонымен қатар, ол мұндай жағдайдың өте сирек кездесетінін алға тартты.

"Ғылымда егіздердің әкелерінің әртүрлі болуы бұған дейін он шақты рет кездесті. Мұндай жағдай бұдан да көп болуы мүмкін. Дегенмен ата-аналар мен балалары бұл туралы білмейді немесе жариялауды жөн көрмейді", - деді профессор.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети