"Әлем аруы" байқауы үміткерінің ұлттық костюмі жанкүйерлерін тәнті етті

22 Қараша 2018, 09:47
0
© instagram.com/yuumi_kato
© instagram.com/yuumi_kato

Жапония атынан "Әлем аруы-2018" байқауына қатысатын Юуми Като ұлттық костюмін көрсетті. Ол костюмнің суретін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Като - модель әрі актриса. Төрт тілде сөйлей алады: жапон, қытай, ағылшын және малай. 22 жастағы арудың айтуынша, бұл костюм Жапонияның жаңа мәдениетін көрсетеді. 

Като байқаудың финалын асыға күтіп жүргенін жасырмады.

Жапониялық модель жариялаған суретке жанкүйерлері тәнті болып, пікір қалдырып жатыр.

Айта кетейік, байқаудың финалы биыл 17 желтоқсанда Бангкокта өтеді. Жеңімпаз осы титулдың дәл қазіргі иегері Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Деми-Ли Нель-Питерстің тәжін алады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 加藤ゆうみ | MISS UNIVERSE JAPAN ???? (@yuumi_kato)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай