30 мамыр 2017 18:09

Әлем супермоделі атағын моңғол қызы жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© infpol.ru © infpol.ru

Моңғолиялық жеткіншек қыз әлем супермоделі атағын жеңіп алды, -  деп хабарлайды asiarussia.ru.


Моңғолиялық жеткіншек қыз әлем супермоделі атағын жеңіп алды, -  деп хабарлайды asiarussia.ru.

World Supermodel 2017 Бас жүлдесін моңғолиялық қатысушы Алонгоо Тунгалагтамир иеленді. Жеткіншек өз категориясында ғана емес, байқауды толықтай жеңіп, Гран-при тәжіне ие болды. 

Оныншы рет өтіп отырған World Supermodel байқауы мамырдың 21 мен 28 аралығында Макаода өтті. Бұл сайыста бүкіл әлемнің супермодельдері бақ сынады. Шараның соңындағы гала-шоу кезінде Алонгоо Тунгалагтамир жеткіншектер арасындағы және бүкіл конкурстың Гран-приінің иегері ретінде сахнаға шықты. 

Ал ересектер арасында жеңіс Оңтүстік Африка өкілі Белинде Шредерге бұйырды.

Айта кетейік, былтыр World Teen Supermodel байқауында да моңғолиялық Шинэтуяа Тэгшжаргал жеңіске жеткен болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети