Айдай Исаева АҚШ-та өтетін "Әлем аруы" байқауының алдында өзі жайлы айтып берді

14 Қаңтар 2015, 18:09
0
©spy.kz
©spy.kz

"Әлем аруы" конкурсының YouTube желісіндегі ресми аккаунтында "Қазақстан аруы-2013" Айдай Исаеваның сұхбаты жарияланды, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Сұхбатта қазақстандық ару өзі жайлы және өзінің титулы жайлы, жалпы өз елі туралы әңгімелеп берді.

Осыған дейін БАҚ-тарда Айдай Исаеваның көрермен алдына танымал дизайнер Аида Қауменова тігіп берген ұлттық көйлекпен шығатынын хабарланған еді. Ал кешкі көйлектер сынына ол CoutureCollection сән үйінің Swarovski тастарымен әрленген көйлегін киеді. "Әлем аруы" байқауы 25 қаңтарда Майамиде өтеді. Жеңімпазға тәжді Венесуэла елінің аруы Габриэла Ислер кигізеді.

Еске сала кетейік, Айдай Исаева 2013 жылы Қазақстанның ең сұлу қызы атанған болатын. Қазір 25 жастағы қыз Алматыда дәрігер болып жұмыс істейді.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай