10 желтоқсан 2016 20:34

"Қазақстан аруы-2016" байқауының жүргізушісі қатысушы аруға тікелей эфирде үйленуге ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан аруы-2016" байқауының жүргізушісі қатысушы аруға тікелей эфирде үйленуге ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан аруы-2016" байқауының жүргізушісі қатысушы аруға тікелей эфирде үйленуге ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сүндет Байғожин "Қазақстан аруы-2016" конкурсына Қостанай қаласының атынан қатысып жатқан 19 жастағы Айткүл Нұрмановаға ұсыныс жасады. Қыз бірден келісімін берді. 

"Қымбатты, Айтгүл! Бүгін мен ертеден армандаған күн туды. Бүгін сен "Қазақстан аруы" болмайтын да шығарсың, бірақ мен үшін ең сұлуы боласың. Мүмкін болса, қымбаттым, әдемім, сүйіктім, маған тұрмысқа шыққаныңды қалаймын", - деді жүргізуші сахнада.


© Тұрар Қазанғапов

Еске салайық, "Қазақстан аруы-2016" байқауына Қазақстанның 18 қаласынан 25 ару қатысты. Конкурсқа әр қаладан арулар және "Instagram аруы" конкурсының жеңімпазы қатысты.

Айта кетейік, дауыс беру кезеңінде қатысушылар құрамында өзгерістер болды. Мәселен, 7 желтоқсанда "Көкшетау аруы-2016" Жанара Найманбаева 25-ші финалист атанды. Ол "Қарағанды аруы-2016" Мария Пятинаның орнына қатысатын болды. Пятина ота жасатқандықтан, конкурстан шығып қалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети