"Қазақстан аруы-2019" іріктеу кезеңіне 75 миллион теңге жұмсалған

29 Наурыз, 10:02
0

"Қазақстан аруы-2019" іріктеу кезеңіне 75 миллион теңге жұмсалған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қазақстанда туризмді дамытуға бөлінген қаражат "Қазақстан аруы-2019"  байқауын өткізуге жұмсалған. Бұл туралы Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан айтты.

Айтуынша, туристік инвестициялық форум ұйымдастырылып, 5 меморандум бекітуге бөлінген 75 миллион теңге сұлулық байқауының тек іріктеу кезеңіне кеткен.

"Бұл Туризм индустриясы комитетінің қаражатты дұрыс ұйымдастырмағаны салдарынан болған. Елдің туристік әлеуетін арттырып, шетелдік және отандық инвесторлардың, барлығы 250 адам қатысуы тиіс форумдар болмаған. Оның орнына туризмге қатысы жоқ "Қазақстан аруы" байқауының іріктеуін ұйымдастырған", - дейді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан.

"Қазақ аруы - 2019" байқауына қатысатын 18 қыздың суреті жарияланды

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай