26 қазан 2016 11:52

"Қазақстан аруының" "Әлем аруы 2016" байқауына арналған ресми фотосессиясы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруы 2015" Әлия Мергенбаева © Mareta Keligova "Қазақстан аруы 2015" Әлия Мергенбаева © Mareta Keligova

"Қазақстан аруы-2015" атағына ие Әлия Мергенбаеваның биыл АҚШ астанасында өтетін әлемнің ең айтулы конкурстарының бірі "Әлем аруы 2016" сайысына қатысуға аттануына аз уақыт қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан аруы-2015" атағына ие Әлия Мергенбаеваның биыл АҚШ астанасында өтетін әлемнің ең айтулы конкурстарының бірі "Әлем аруы 2016" сайысына қатысуға аттануына аз уақыт қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Дайындықтың бір бөлігі Алматыда, тағы бір бөлігі Ақтауда жүреді. Конкурстың ресми фотосессиясы өтті, таныстыру ролигі түсірілді. Бейнетаспада Әлия туып өскен Маңғыстау облысының ең көрікті мекендері көрсетіледі.

"Менің болашақтағы мамандығым туризммен байланысты, меніңше, адамдар көбірек сяхаттап, түрлі елдердің мәдениеті мен дәстүрімен танысатын болса, әлем мейірімдірек болады және Жер бетінде соғыс болмайтын еді", - дейді Әлия Мергенбаева.

Қазақстан аруының ресми фотографы Ресей, Қырғызстан, Украина мен Қазақстанда белгілі Марета Келигова болды. Фотосессияға Әлия әлемге танымал Sherri Hill брендінің кешкі көйлектерін киді. Ал финалға арналған киімдерді ақтаулық дизайнер Гаухар Әмірова даярлап жатыр. Әлия "Әлем аруы" байқауы шеңберінде өтетін таланттар конкурсында қазақша би билеп, домбыраны шырқатпақ.

"Мен конкурс алдында қатты толқып тұрмын. "Қазақстан аруында" жеңіске жетісімен мен осы байқауға дайындала бастадым. Еліміздің атынан баратындықтан мен үшін бұл үлкен абырой. Өзіммен бірге базарлықтар мен қазақ әшекейлерін алып барамын. Осы бір сұлулық пен бейбітшіліктің үлкен мерекесінің басталуын асыға күтемін. Конкурс концепциясы қатты ұнады. "Әлем аруының" ұраны "Сұлулық мақсат үшін". Конкурс жеңімпазы бейбітшілік пен мейірімділікті насихаттай отырып, қайырымдылық мақсатта түрлі елдерді аралайтын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети