Қазақстандық қыздар Сингапурда Miss Heritage International байқауына қатысады

04 Ақпан, 17:38
0
Қазақстандық қыздар Сингапурда Miss Heritage International байқауына қатысады - © instagram.com/gulbanu_official_, vk.com/balalimhalieva
© instagram.com/gulbanu_official_, vk.com/balalimhalieva

Қазақстандық Гүлбану Мадиярова мен Балнұр Әлімхалиева Сингапурда Miss Heritage International байқауына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

17 жастағы Гүлбану Мадиярова байқауда Орталық Азия Намысын қорғайды. Финал 16 ақпанда Сингапурде өтеді. Ол ұлттық нақыштағы киім мен кешкілік көйлек дайындаған. Байқаудан қыз бала музыкалық өнер көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulbanu Madiyarova (@gulbanu_official_)

Гүлбану Мадиярова Алматыдағы "Қайнар" колледжінде оқиды. 2016 жылдан бастап ол байқауларға қатыса бастаған. Ал 2016 жылы ол Моңғолияда өткен Face of Beauty International байқауында Қазақстанның атынан шықты. 

"Мен бұған дейін де халықаралық байқауларда өнер көрсеттім, сол себепті еліміздің атынан шығу дегенді білемін. 2017 жылы Малайзиядағы байқауда үздік ондыққа кірдім. Онда қатысушылармен достастым, бүкіл әлемде құрбыларым бар. Мұндай жарыстардан көп тәжірибе аласың", - дейді қыз бала.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulbanu Madiyarova⚜️ (@gulbanu_official_)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulbanu Madiyarova (@gulbanu_official_)

18 жастағы Балнұр Әлімхалиева Сингапурдағы байқауда Қазақстанның атынан өнер көрсетеді. 2018 жылы ол "Алматы аруы" байқауына қатысып, финалистер қатарынан көрінген еді. 

Балнұр Әлімхалиева Чайковский атындағы колледжде 3-курста оқиды. Ән айтуға қызығады және фортепиано мен гитарада ойнайды. Сондай-ақ, Балнұр шет тілдерін (француз, ағылшын, испан тілдерін) үйреніп жүр.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от (@bal_alimkhaliyeva)

Сингапурде өтетін байқауының өнер сайысында ол Birdy - Strange Birds әнін орындайды. 

"Ән айтқанды ұнатамын, фортепиано мен гитарада ойнаймын. Өз өнерімді байқауларда пайдалансам деймін. Сонымен қатар, шет тілдерін үйреніп, полиглот болсам деймін. Бұл менің бірінші халықаралық байқауым. Бұл басқа деңгей", - деді Әлімхалиева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от (@bal_alimkhaliyeva)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай