13 қыркүйек 2017 09:59

Қазақстандық топ-модель Африкада сұлулық байқауына қатысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com/it_rsalieva © Instagram.com/it_rsalieva

Қазақстандық топ-модель Карина Рсалиева Exquisite Face of the Universe-2017 сұлулық байқауына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, байқау Ганада 1-16 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.


Қазақстандық топ-модель Карина Рсалиева Exquisite Face of the Universe-2017 сұлулық байқауына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, байқау Ганада 1-16 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.

Қазақстандық модельдің айтуынша, сұлулық байқауына әлемнің 60 елінің аруы қатысады. Сондай-ақ, қатысушыларда 13 қыркүйекте Гананың президентімен кездесу жоспарланып отыр.

"Бізді жақсы қарсы алды: мәдениет министрлігі, туризм министрлігі, полицейлер - барлығы мейірімді. Шынымды айтсам, өзімізді жұмақта сияқты сезінеміз. Себебі бұрын достарым Гананы өте кедей ел деп айтып, қорқытып жататын. Керісінше, мұнда барлығы әдемі", - дейді Карина Рсалиева.

Қазіргі уақытта қазақстандық модель "Замбия аруы" Луизмаен бірге бір қонақүйде тұрып жатыр. Қыздың айтуынша, байқаудың финалы 16 қыркүйекте Гананың Ұлттық театрында өтеді. Билеттің бағасы қонақтар үшін 50 доллар екен.

Сондай-ақ, Карина бұл ол қатысып отырған жетінші әлемдік байқау екен. Қыздың айтуынша, ол осыған дейін Қырғызстан атынан өнер көрсетіп жүрген. Алайда соңғы үш жыл ол Қазақстан атынан шығып жүр.

"Мен ұлттық байқауларға қатыспауға тырысатынмын және қазір де қатыспауға тырысамын, себебі көп сұрақтар туындап кетеді. Мен Қырғызстан атынан шыққанда, мені ешкім де елеген жоқ. "Қазақ қызы неге Қырғызстан атынан өнер көрсетеді?" деген сұрақтар шықты. Ал қазір Қазақстан атынан шығып жүрмін, бірақ енді бүкіл Қырғызстан маған қарсы. Олар азаматтығымды ауыстырғанымды түсінбейді де, паспортым да қазақстандық. Әкем Семейден, ал анам Тараздан", - деді қазақстандық модель.


© Instagram.com/it_rsalieva

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети