Қостанайдың ең әдемі қызы таңдалды

14 Желтоқсан 2018, 13:22
0
© Instagram/misskostanay_official
© Instagram/misskostanay_official

Қостанайда ең әдемі қыз таңдалды. Ол Қостанай құрылыс колледжінің студенті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлік "Қостанай аруы - 2018" байқауының финалында облыстың 20 қызы қатысты. Олардың арасында кәсіби модельдер де бар және осы форматтағы байқауға бірініші рет қатысып отырған қыздар да болды. 

"Басында қатысушылар саны тым көп болды, тең жартысын тату, бойы және жас мөлшеріне байланысты алып тастадық. Шамамен 60-ы қалды. Бұл байқауға кез келген ару қатысуына мүмкіндік жасалды. Ең басты талап - жасы 17-ден асқан және бойы 169 сантиметрден жоғары болуы керек. Қазылар алқасы қыздардың мемлекеттік тілді қалай меңгергені, қандай өнері барын қарады. Соңында үздік 20 қызды таңдап алды", - деді байқаудың продюсері Карина Теклюк. 

Финалистер төрт конкурстан өтті. Ұлттық стильде "визитка", ұлттық киімде шығу, интелектуалдық байқау және кешкі сән көйлегімен шығу. 

Байқау қорытындысы бойынша құрылыс колледжінде оқитын Анастасия Бабич бас жүлдені иеленді. 

"Шынымды айтсам жеңемін деп ойламадым. Бұл мен үшін өзімді басқа қырымнан көруге жақсы мүмкіндік болды. Білім алудан бөлек, бір жарым жылдан бері кәсіби сән кәсібінде жұмыс істеймін. Мені анам қолдайды", - деді қыз бала. 


Фото Tengrinews.kz©

Ол енді "Қазақстан аруы" байқауына қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, шараның демеушілері оған ішік сыйлады. Екінші орын алған қыз спортклубқа абонемент, ал үшінші орынға тұрмыстық техника берілді. 

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай