03 сәуір 2018 14:23

Криштиану Роналдуға қазақ шапанын кім тікті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Әйгілі ойыншы Криштиану Роналдуға арнайы тігілген дизайнерлік киім туралы "Нұр-Шах" сән үйінің директоры Нұржамал Нұрпейісова айтып берді, - деп хабарлайды "Лада".


Әйгілі ойыншы Криштиану Роналдуға арнайы тігілген дизайнерлік киім туралы "Нұр-Шах" сән үйінің директоры Нұржамал Нұрпейісова айтып берді, - деп хабарлайды "Лада".

Ол эксклюзив қазақи шапанды аз уақытта тігіп шыққанын айтады. "Реал Мадрид" клубының шабуылшысына бұл шапанды қазақстандық компаниялардың бірі тарту еткен. 


Нұржамал Нұрпейісова. Lada.kz

"Шапанды Нұр-Шах" сән үйінің қызметкерлері тікті. Ол велюрден жасалды, себебі оған өрнектер әдемі салынады. Тапсырыс берушілердің басты сұранысы шапан ұзартылған сюртук тектес, ұлыбританиялық жаға, қалта, қазақтың ою-өрнегі мен күн сәулесінің астындағы бүркіт самғап тұруы тиіс болды. Бұл дербес әрі қайталанбас тапсырыс болды", - дейді Нұржамал Нұрпейісова.  


Lada.kz

Сонымен қатар, оның бөркі де бар. 

"Біз шапанды спортшылар үшін және басқа елден келген қонақтар үшін тіктік. Менің арманым бар - біздің чемпион Геннадий Головкинге шапан тігіп бергім келеді. Алайда Криштиану Роналдуға шапан тігеміз деп еш ойламаппын! Мен оның барлық жетістікке өзі жеткені үшін тәнтімін, оны қатты құрметтеймін. Оның өзіне және командасына жанкүйермін", - деді Нұржамал Нұрпейісова. 

Наурызда "Реал Мадрид" шабуылшысы Криштиану Роналдуға қазақи шапан сыйлағаны хабарланды. Видео Instagram желісінде жарияланды.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети